ШҚО-тұрғыны көлігін қайда қойғанын ұмытып қалып, полиция шақырған

Сәрсенбі, 30 Наурыз , 2016 14:32

Семейдің 43 жастағы тұрғыны 3 күн тойлатып жүріп көлігін қайда қойғанын ұмытып қалған. Алайда, оны табудың әдісін тауып, полицейлерге хабарлаған.

tn

Сурет: fishki.net 

Бұл туралы ШҚО ІІД полиция әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

43 жастағы ер адам «ВАЗ-2114» көлігін аулалардың біріне қойып, өзі танысының үйіне кіріп кеткен. Ол үш күн бойы ішімдік ішіп, есін жиған соң көлігін қайда қойғанын есіне түсіре алмай дал болған. Ақыры полицияға хабарласып, көлігін ұрлап кеткенін айтқан. Полицейлер көлікті сол күні-ақ тауып берген. Алайда, көліктің ұрланғанына сенбеген. Соңында ер адам полицияға жалған шағым айтқанын мойындаған.

Қазір жалған шағым түсіргені үшін тергеу жүргізіліп жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар