Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғыны емшіге қаралып уақытын бекерге өткізіп алғандықтан көз жұмған

ШҚО тұрғыны күйдіргі дертінен көз жұмды. Ол бір апта бойы емшіге қаралып келген, деп хабарлайды КТК.

Науқас ауруханаға кеш жатқызылған. Ауруханадан қашып кеткен жерінен полицейлер қайта әкеліп жатқызады. Ол сойған малдан ауру жұқтырған. Бұл жайлы облыс әкімі айтты.

Аурудың таралуына ескі қорым себеп болған. Ол ауылдан бес шақырым қашықтықта. 50 жыл бұрын ол жерге өлген малдың өлекселері көмілген. Мамандар ауру қоздырғыш жер астындағы сумен бірге жер бетіне шыққан деп болжап отыр.

47  жастағы науқас өткен аптада көз жұмған еді. Соған байланысты Малонарымка ауылында карантин жарияланып, марқұмның араласқан адамдары мен ауру мал етін жегендер бақылауға алынды.

“Қазір біз дерт таралуы мүмкін деген жерлерді анықтап, қоршадық. Ол жерлерге адам мен малдың  кіріп-шығуына тыйым салып, індетке қарсы шараларды бастадық. Бұған мамандар да, тиісті дәрі-дәрмектер де жеткілікті”, – дейді Шығыс Қазақстан облысының әкімі  Даниал Ахметов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау