Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғындары «Үржарлық ханшайымды» мұсылмандық салтпен жерлемек ниетте

Шығыс Қазақстан облысындағы Алтыншоқы ауылының тұрғындары Үржарлық ханшайымды мұсылмандық ғұрыппен жерлемек ниетте. Себебі, археологтар осы әйел сүйегін тапқалы бері, өңірдегі ауа-райы тосын мінез көрсете бастаған. 8aade777085208a0d6a791e21fddbba8

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Айтпақшы, көрші Ресейдегі Алтай аймағының тұрғындары да сотқа сүйегі табылған Укока ханшайымды жерлеу керек деген өтінішпен арыз түсірген. Осымен үшінші жыл оның мумиясы Таулы Алтай музейінде сақтаулы тұр. 1993 жылы қазу жұмыстарынан кейін бұл ауданда өзін-өзі өлтіру көбейіп кетіп, жер сілкінісі де жиілеген. Үржарлық ханшайым да Укоканың замандасы болып есептеледі. Екеуі де біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырда өмір сүрген.

f33fa8682a09e8c7958b426a93ee4fef2384dff94c195002506cea84ba1ff435

Үржарлық ел басқарған арудың мүрдесін 2013 жылы Ә.Марғұлан атындағы археология институтының қызметкерлері тапқан. Қазу жұмыстары жүргізілген маңға жақын орналасқан Алтыншоқы ауылы үшін алайда бұл түсініксіз жағдайларға ұласады. Ауа-райы бұзылып, ауыл тұрғындарының түсіне қорқынышты жәйттер жиі енген. Бұл жағдайлардың барлығын Үржар тарихи-өлкетану музейінің қызметкері де растап отыр. Тіпті, зәре-құтты қашыратын түстер қазу жұмыстарын жүргізген археологтарды да мазалапты.

d358be8f97b400bb1ba3c498f9aa4f83

Бұл жерде бір қызық жағдай бар. Үржарлық ханшайыммен бірге жерленген самұрық құс та табылған. Бұл ғалымдарға жерленген ханшайым ежелгі түркі тайпаларының өкілі деген тұжырым жасауға негіз болған. Сондай-ақ, ол  тас табытқа салып жерленіп, басына сәукеле кигізіліпті.

Алан Исаев

Талқылау