Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тауларындағы сирек кездесетін аңдар фотоқақпанға түсіп қалды (фото)

Күршім және Зайсан аудандарының таулы мекендеріндегі манул, арқар және басқа да фауна өкілдері кадрға ілінген.

20160721105328

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

ШҚО осы аудандарындағы фотоқақпандарды новосібірлік «Сибэкоцентр» қоғамдық бірлестігі өткен жылы орнатқан. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының сайтында “Сибэкоцентрдің” далалық экожүйелерді зерттеумен айналысатыны жазылған.

20160721105332

Маусым айының аяғында видеобақылаудың нәтижесін тексерген ресейлік мамандар бақылау нәтижесінің көңілден шыққанын айтуда.

20160721105335

“Фотокадрлардың бірінен манулды байқадық. Бұл жануардың әлі де өзіне үйреншікті жерде мекендеп келе жатқанын дәлелдейді, – деп жазылған табиғи ресурстар басқармасында. – “Сибэкоцентр” қызметкерлері біздің даламызды Ресеймен, Моңғолиямен салыстырып, Аягөз, Абай, Тарбағатай, Күршім аудандарындағы далалық жыртқыш құстар мен манулдар анағұрлым жақсы экологиялық ортада екенін айтты”.

Басқарма мен сібірліктердің біріккен жұмысы келер жылы да жалғасын табады.

Талқылау