Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО шенеунігі Елдос Чикеновке шабуыл жасаушылар видеоға түсіп қалды (видео)

ШҚО спорт басқармасының басшысы Елдос Чикеновке шабуыл жасаушылар көліктің видео құралына түсіп қалған. Видеодан жас жігіттердің шенеунікке шабуыл жасаған сәтін аңғаруға болады, – деп хабарлайды Stan.kz YK-news.kz – ке сілтеме жасап.

елдос

Спорт басқармасының басшысына дәл үйінің алдында оған бейтаныс адамдар шабуыл жасаған болатын. Олар шенеунікті пышақпен жарақаттаған. Осыдан кейін шенеунік ауруханаға жеткізілген еді. Полицейлер сотқа дейінгі зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Facebook желісін қолданушылардың бірі, зардап шеккен шенеуніктік жолдасы қызметтік көлік құралына жазылып қалған видеоны жариялады.

“Мүмкін осы видеоны көріп отырып қылмыскелерді жүрісінен танитындар табылар. ІШД облыс аумағынан оларды таба алмауда. Кез келген ақпаратқа сыйақы беруге дайынбыз. Шабуылдаған адамдар екеу болған. және біреуі сыртта тұрған. Видеода олардың кіріп-шығып жүргені байқалады. Қолдарыңыздан келсе, көмектесіңіздерші, олар ертең сіздің күйеуіңіз не жарыңыз болуы әбден мүмкін”,- делінген жазбада.

Қазіргі уақытта шенеунік ауруханадан шығып, қызметіне кірісіп кетті. Шабуылдаушылар әлі де табылыған жоқ. Елдос Чикеновтың жақындары кез келген ақпарат берсеңіздер екен дейді.

Талқылау