ШҚО-ның кейбір шенеуніктері қызметтік көліктерін туыстарына беріп қойған

Сейсенбі, 7 Қараша , 2017 13:23

Шығысқазақстандық шенеуніктердің қызметтік көліктерін жұмыс барысында пайдалануы кезінде заңбұзушылық фактілері жиі тіркелуде.

Бұл туралы altaynews.kz басылымы хабарлайды.

Тіпті, кейбіреулері жұмыс көлігін туыстарының шаруасына шегіп қойған. Осындай «ұсақ-түйек» заңбұзушылықтарға ұрынбас үшін кейбір мекеме басшылары өз еріктерімен қызметтік темір тұлпарларынан бас тартып жатқан да жайы бар. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басшысы, департамент жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің төрайымы Жанна Қабдолдақызының төрағалық етуімен өткен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында белгілі болды.

Кеңесте қызметтік көлікке байланысты Өскемен қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Дәурен Қасымовтың тәртіптік ісі жеке қаралды. Ол өзінің қызметтік көлігімен жүйелі түрде балабақшаға баласын тасыды деп айыпталуда. Бұл жөнінде жоғарыда аталған агенттіктің облыстық департаментіне арнайы жолданған бейне жазба да бар екен.

Ал облыс орталығында қызмет жасайтын шенеуніктің өзі болса, басқалар мұндай фактілермен өзін алдағы уақытта тағы да «кінәламау» үшін қызметтік көлігінен мүлдем бас тартқан. Аталмыш жағдайға байланысты Әдеп жөніндегі кеңестің мәжілісіне қатысып, түсінік берген Өскемен қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Ержан Шурмановтың айтуынша, оны жазаға тартудың мүмкіндігі жоқ, себебі бейне жазба бір жыл бұрын түсірілген. Бірақ қазіргі кезде ол көлігінен өз еркімен бас тартқандықтан, қажетсіз болып қалған транспорт құралы енді басқа мекеменің теңгеріміне берілген.

Осындай әшкере болған жағдайларға қарамастан, аймақтың мемлекеттік қызметшілері қызметтік көліктерін заңбұзушылықтармен пайдалануды әлі де жалғастырып келеді. Әсіресе, мұндай фактілер облыстық денсаулық сақтау  мен табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларында көптеп тіркелуде. Департаменттің басқарма басшысы Асхат Қармановтың берген мәліметтеріне сүйенер болсақ, өткен жылы қызметтік көлікті заңсыз пайдаланудың бес фактісі ресми түрде тіркелген болса, биылғы жылда олардың саны 16-ға жетіп, үш есеге дейін артқан. Мәселен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарларының бірінің көлігінде бір айға көлікті жүргізуге берілетін жол-сапар парағының болмауы аздай, жұмыс уақытынан тыс кезде көлік жүргізушісі транспортты туысқандарын тасуға пайдаланған.

Жиында қызметтік көлікпен байланысты Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Расул Манаповқа да қатысты тәртіптік іс қаралды. Ол жақында ғана облыс көлемінде департаментпен ұйымдастырылған қызметтік көліктерге қатысты акцияға қарамастан, демалыс күні қызметтік көлігімен қала сыртындағы «Нұртау» демалыс базасына барған.

Еске салсақ, өткізілген акцияға орай, өңірдегі барлық мемлекеттік көліктер қай мекемеге тиесілі екендігін білдіретін арнаулы жапсырмалармен жарақталған болатын. Мұнан өзге тұрғындарда департамент арқылы ұйымдастырылған «Whatsapp» мобильдік қосымшасы арқылы жұмыс уақытынан тыс мезгілде заңсыз қолданыста жүрген мемлекеттік машиналар мен олардың иелерін суретке және бейнежазбаға түсіріп, департаменттің арнаулы қызметіне жолдауға да мүмкіндігі бар.

Сондықтан да болар, облыс орталығы басшысы орынбасарының қызметтік көлігі демалыс базасындағылардың көзіне бірден шалынған. Бұл туралы департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Эльнар Тұрсынқанов баяндады. Ал шенеуніктің өзінің берген жауабы бойынша ол демалыс базасына демалуға бармаған, аймағымызға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдеріне өңірдің туристік әлеуетін таныстыруға өндірістік қажеттілікпен барған, сондай-ақ, демалыс күні болғандықтан, ол жаққа отбасын да ала кеткен.

Әдеп кеңесі мүшелерінің алдына шыққан Манапов өзінің кінәсін толық мойындады, ал кеңестің хатшылығы оның басшысына шенеунікке қатаң сөгіс жариялауды ұсынды. Ал материал газетке дайындалып жатқанда білгеніміз, өз кезегінде осы тәртіптік іске қатысты Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев орынбасарына лайықты шара қолданып, екі ай бойы қызметтік көліксіз, керісінше қоғамдық көлікпен жүруге шешім шығарған.

Қызметтік көлікке қатысты кеңесте әшкере болған соңғы фактінің бірі ағымдағы жылы 17 қазанда орын алған екен. Осы күні сағат түнгі үштер шамасында әкімшілік полиция қызметкерлері «Ивушка» дүкені маңында Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімінің жүргізушісін қызметтік көлікпен масаң күйде ұстаған. Әрине, бұл жағдай бойынша жауапкершілік мүлдем басқа екені белгілі.

Жоғарыда аталған фактілердің бәрін сараптай келе, кеңес мүшелері қызметтік көлік жүргізушілерінің ғана емес, қалалар мен аудандардағы және барлық мекемелердегі мемлекеттік транспорт құралы бекітілген мекеме басшысының да жауапкершілігін барынша күшейтуді ұсынды.

“Әрине, біз түсінеміз. Қызмет бабында қызметтік көліктер кейде демалыс күндері, мейрам күндерінде жұмысқа шығып жатады. Алайда, оның барлығында да қажетті құжаттары сол күнге сай, дұрыс болуы, тиісті бұйрықтары болуы тиіс” — дейді Жанна Қабдолдақызы.

Әдеп кеңесінде бұлардан бөлек еліміздің Су ресурстары комитетінің су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу бойынша Ертіс бассейіндік инспекциясының мемлекеттік қызметшілері Иманжановқа, Қамбаровқа, Бурхановаға, Каверинге, Саттаровқа қатысты да тәртіптік істер қаралды. Департаменттің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ернар Ташеновтің баяндауынша, бұған Инспекцияға департаментпен жүргізілген жоспардан тыс тексеру кезінде анықталған, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларды өрескел бұзушылықтар себеп болған. Осы адамдардан құралған комиссия бос әкімшілік мемлекеттік қызметке жалпы конкурс өткізу кезінде ірі заң бұзушылықтарға жол берген, байқауды өткізу реттілігін сақтамаған. Ең бастысы, ұсынылған кандидат Мұқанова біліктілік талаптарына мүлде сай келмей шыққан. Нәтижесінде «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» заңының талаптары өрескел бұзылған.

Бұл тәртіптік істі қорытындылай келе, кеңес мүшелері Инспекция басшысының орынбасары, комиссия төрағасы Иманжановқа және персоналдарды басқару бойынша бас маман Бурхановаға қатысты қызметіне толық сәйкес еместігі туралы шешімге келсе, қалған комиссия мүшелеріне сөгіс берілді.

Сондай-ақ, жиында Әдеп кеңесінің 2017 жылғы 30 қыркүйектегі шешімдерінің орындалуы да сөз болды. Бұл жөнінде департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Қайрат Сапарғалиев баяндады. Ол ондағы мәжілісте бір мәселе қаралып, сол бойынша кеңеспен 18 ұсыныс жасалғанын, қазіргі уақытта оның үшеуі орындалғанын, қалғандары 2017 жылдың 1 желтоқсанына дейінгі бақылау мерзіміне байланысты орындалу үстінде екенін жеткізді.


Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда кәсіпкер тракторы табылса, балалардың еміне жарты миллион аударады

21 жастағы көкек ана баласын қайта бауырына басқысы келіп жүр

5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді

Қымбат көлігі бар коттеджде тұратын отбасы табысын жасырып әлеуметтік көмек алып келген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар