ШҚО-ның үш тұрғыны Астанада пәтерлер мен көліктерді тонаумен айналысқан

Дүйсенбі, 7 Желтоқсан , 2015 14:31

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері пәтерлерден және автокөліктен қатарынан ұрлық жасаған деген күдікпен «ізін суытпай» 24-25 жас аралығындағы Шығыс Қазақстан облысының үш тұрғынын ұстады.

сот ісі астана

Күдіктілер Астанада жалға алынған пәтерлерде тұрған. Олардың екеуінің осыған дейін сотталғаны анықталды, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

2 желтоқсанда елорданың 42 жастағы тұрғыны белгісіз біреулердің үйіне терезені қысып ашу әдісі арқылы кіріп, жалпы сомасы 1 600 000 тенгені құрайтын жеке мүлкін ұрлап әкеткендігі туралы шағымданды.

3 желтоқсан күні Есіл аудандық ІІБ П. есімді азаматша автокөлігінің бүйір әйнегін сындырып, 300 мың теңге болатын жеке мүлкін ұрлап кеткені жөнінде хабарлады. Қазіргі уақытта полицейлер ұсталған күдіктілердің 3 ұрлықты пәтерден және 7 ұрлықты автокөліктен жасағандығын анықтады. Олар заттар мен алтын бұйымдарды ломбардтарға төмен бағамен тапсырып отырған.

ҚР ҚК 188 бабы («ұрлық») бойынша сотқа дейінгі өндіріс жүргізілуде. Құрықталған күдіктілер тергеу оқшаулағышына қамалды.

Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғын анықтауда.

11 ай ішінде Астана қаласы ІІД криминалдық полициясы пәтер ұрлығымен айналысқан 20-дан астам қылмыстық топты құрықтады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар