Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО қой отарына шапқан итті атқаны үшін зейнеткерге айып салынды

Курчатов қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша: Сот зейнеткерге 30 пайыздық жеңілдікпен 10 айлық есептік көрсеткіш ретінде айып салд, – деп хабарлйды Stan.kz.

gavel

Қазан айының соңында 65 жастағы қария малын жайылымға шығарған. Алайда, отарға 4 иттің тиісіп жүргенін байқайды. Ол қойларды арашалай алмағанын білген соң, үйіне кіріп аңға аулайтын мылтығын алып шығады. Сөйтіп иттерге оқ атады.

Мылтық даусынан шошыған көршілері дереу полиция шақырады. Осы оқиға сот ісіне дейін барады.
Зерттеу жұмыстары кезінде зейнеткер бұл иттердің зияны бірінші рет тиіп отырмағанын айтады. Бұған дейін де иттер қой мен сиырларға шауып, тіпті, немересіне дейін қауіп төндірген.

Талқылау