Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО халқына жер сілкінісі туралы хабар жетпейді

ШҚО-да табиғат апатын алдын ала ескертетін сейсмологиялық бекет жұмыс істемей тұр. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Облыстағы жалғыз сейсмобекет Күршім ауданында осыдан 28 жыл бұрын болған жер сілкінісінен кейін орнатылған екен. Бірақ, неге екені белгісіз, ол да тек 12 жыл бұрын жұмыс істей қалыпты. Осы уақыт ішінде  450 метр тереңдікте орналасқан жабдық істен шыққан.

Облыс халқы бүгін түнде Өскеменнен 146 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісі туралы ресейлік ақпарат көздерінен естіген.

Ал, жауаптылар бекетті жаңғыртуға қажетті қаржы бөлінгенін айтқанымен, оның құжаттары қол байлап тұр дейді.

«Кезінде қажетті қаржы бөлінбегендіктен құрал-жабдық уақытылы ауыстырылмаған. Енді оны сатып алу үшін министрліктен 5 миллион 300 мың теңге қаражат бөлініп отыр», -дейді «Шығысқазкен» геология және жер қойнауларын пайдалану департаментінің бөлім басшысы Ирина Шадских

Тағы оқыңыз:

Оралда екі баланың анасын қағып өлтірген жүргізуші бостандықта жүр

Синоптиктер: Алматыда әлі 4 күн бойы қар жауып, аяз басталады

СҚО-да боран кезінде жоғалып кеткен ауыл мұғалімінің өлі денесі табылды

Талқылау