Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-дағы тасқын су жол бойындағы автокөлікті шайып әкетті (видео)

ШҚО-да ішінде жүргізуші отырған автокөлікті су шайып кетті. Тасқын кезінде орын алған оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.

YouTube каналында жарияланған бейнебаянда жылдам ағыммен аққан тасқын судың көлік жолын кесіп өткені байқалады. Сол себептен жол бойымен жүріп келе жатқан көлік жүргізушілер жолдың шетіне тоқтауға мәжбүр болған. Алайда жолаушылардың бірі ағын суға қарамай жолды кесіп өтпекші болған. Ақыры қатты ағынға мән бермеген жүргізуші көлігімен бірге тасқын судың бетінде қалқи кетті.

Куәгерлердің пікірінше, оқиға 26 наурызда Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданындағы Выдриха кентінде қатты жауынның салдарынан болған.

Жіберіп алмаңыз:

Астана тұрғындары сапасыз көмірді пайдаланғаны үшін жазалануы мүмкін

Тұңғыш Паралимпиада чемпионына үш бөлмелі пәтер мен автокөлік кілті тапсырылды

Астанада құрылысына тұрғын үй кепілдік қоры қамтамасыз еткен алғашқы пәтер пайдалануға берілді

Даниал Ахметов ШҚО-дағы су тасқынына байланысты Үкімет басшысынан көмек сұрады

Талқылау