Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да үш жыл ішінде 26 кәмелетке толмаған қыз жүкті болып қалған

Шығыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау мәселесі бойынша қоғамдық кеңес жұмыс тобының отырысы өтіп, онда ерте жүктілік мәселесі қозғалды.

ШҚО-да үш жыл ішінде 26 кәмелетке толмаған қыз жүкті болып қалған

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Жиында өңірлік білім басқармасының өкілдері де сөз алды.

“2014 жылдан бері ШҚО-да кәмелетке толмағандардың босануына байланысты 26 жағдай тіркелген. Олардың 25-і ауқатты отбасында өскендер. Бақытқа орай, барлық қыздар перзентханадан сәбилерімен бірге шықты, тек бір қыз ғана баладан бас тартты”, – дейді білім басқармасы тәрбие бөлімінің жетекшісі Салтанат Құмарбаева.

Ведомства жас аналардың білімдерін кешкі мектепте жалғастырып жатқандарын да айтты.

“Біздің ойымызша ерте жүкті болып қалудың бір себебі – ата-аналардағы жауапкершіліктің аздығы. Оқушылардың да ақыл-ой деңгейін көтеру керек. Бұл үшін қазіргі таңда арнайы курс жасақталып жатыр”, – деді Құмарбаева.

Талқылау