Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да үш жігіт жиыннан қайтқан бойжеткенді жабылып зорлаған

Оқиға 25 маусым күні болған. Сот мәліметінше, 30 бен 32 жас аралығындағы үш ер адам аудан орталығындағы танысына келген.

17961095

Сурет: lezgi-yar.ru 

Бұл туралы YK-news.kz. хабарлайды.

Олар бірге отырып ішімдік ішкен. Осыдан соң олардың бірі жеңілжүрісті қыздар жайлы сұраған. Сөйтіп сол күні танысының үйінде өтіп жатқан кешкі жиынға барған. Олар жиыннан үйіне қайтпақ болған бойжеткенді үйіне апарып тастайтындарын айтып көлігіне мінгізген. Алайда, болжам бойынша олар айдалаға барып, оны ұрып-соғып зорлаған.

Қыз зорлау ісіне қатысты бір жігітті тергеу аяқталғаға дейін екі айға қамауға алды. Полицейлер екінші жігітті де ұстаған. Ал, үшіншісінің тағдыры қалай болары әзірге белгісіз.

Роман Кудинов

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде курстастар бір бойжеткенді жабылып зорлаған

Шымкентте 5 жасар қызды зорлаған педофил қамалды

Өзін зорлағанды сотқа берген қыз қысымға шыдамай асылып өлді

Талқылау