Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да зорланғаннан кейін өзіне қол салған студенттің ісі бойынша сот басталды

ШҚО-да  аудан аралық мамандандырылған сотында 32 жастағы азаматтың үстінен қозғалған қылмыстық істі қарау басталды. Бұл азамат 18 жастағы Мөлдір  Оспанованы зорлады деген күдікке ілінген. Өзіне көрсетілген зорлықтан кейін қыз суицидке барған еді,-деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

photo_178380_0

Оқиға 2015 жылдың шілдесінде Аягөзде болған. Медициналық колледждің 18 жастағы студенті туысының үйіне қонаққа барған. Кешкісін қыз құрбысымен бірге үйден шығып кеткен, келесі күні таңертең оның асылып тұрған денесі сарайдан табылған. Мөлдір телефондағы соңғы хаттарында өзінің қорланғаны жайлы айтқан.

Қыздың туыстары ол топтық зорлаудың құрбаны болғанына сенімді. «Ол жігіттер келесі күні-ақ ұсталды. Олар үшеу болған. қаскөйлер көлікке Мөлдірді құрбысымен қоса алдап кіргізіп, әрі қарай белгісіз жаққа алып кеткен.  Қызды сол жақта зорлап-қорлаған. Неге екені белгісіз сотта айыпты орындығында бір ғана жігіт отыр»,-дейді қайтыс болған қыздың әпкесі  Бахыт Оспанова.

Келіншек өз туысын жігіттер әдейі өлтірілген, кейіннен оны жіпке асып өз-өзіне қол жұмсады деп көрсетпек болған деп болжайды. Мөлдірдің құрбысы сотта куәгер ретінде сөз сөйлеген.

ШҚО облыстық соты істің жабық есік жағдайында өтіп жатқанын айтады. «Сотқа қатысушылардың арасындағы жайттар ашық айтылатындықтан, оның сол күйі қоғамға тарауы дұрыс емес дегендіктен»

Күдіктінің айыбы дәлелденер болса ол 20 жылға абақтыға жабылуы мүмкін.

 

Талқылау