Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да жұмыстан қайтқан қыз үйіне жете алмай үсіп өлді

Шығыс Қазақстанда жұмысқа кеткен әйел өлі күйінде табылды. Әйелдің аязға үсіп қалғаны анықталды.

Айнұр Семсенова екі апта уақыт іздеуде болды. Екі аптадан соң өлі күйінде табылды.

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, Семсенова Айнұр Мұратқызының анасы қызының 14 қаңтарда жұмысқа кетіп, қайта оралмағанын айтты. Оқиға Қалбатау ауылында болды. 1988 жылы туған қыз сол күйі ешкіммен хабарласпаған.

Полицейлер іздеу шараларын өткізіп, ІІД қызметкерлерінің жеке құрамы жұмылдырылды.

1 ақпанда ауылдағы осы отбасы тұратын үйге жақын жерден қызының денесін әкесі тауып алды.

“Тексеру кезінде зорлық белгілері анықталған жоқ. Өзімен бірге ақшасы, телефоны мен құжаттары болған. Сараптама нәтижесінде бойжеткен аязға үсіп көз жұмған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр”, – дейді полиция департаментінде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр