Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да жолдың арғы бетіне өтпек болған жүргізуші су тасқынында көлігімен бірге ағып кетті

Тасқын су жеңіл көлікті ағызып әкетті. Оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха ауданында болған.

Куәгерлер түсіріп алған мына кадрдан, қатты екпінмен аққан қарғын судың автокөлік жолын шайып, тас-талқанын шығарғарғанын көруге болады, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Ал, қауіпке қарамастан жолдың арғы бетіне өтпек болған жүргізушінің бірінің темір тұлпарын су ағызып әкетіпті.

Алайда, тізгіншінің салоннан шығып үлгерген-үлгермегені белгісіз. Сондай-ақ, кадр сыртындағы адамдардың айтуынша, оқиға 26 наурыз күні жауыннан кейін болған екен.

Тағы оқыңыз:

Жан Ахмадиев: Маған сын айтыпты, бірақ Баян кім елді үйрететіндей?

Алматы облысында бір отбасын қырып салған қанішерлер ату жазасына кесілуі мүмкін

Алматы облысындағы интернатта 10 жасар баламен жартылай жалаңаш ұсталған әйел жұмыстан қуылды

Талқылау