Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да жолаушыға лық толы автобус төңкеріліп қалды

Шығыс Қазақстан жұртын қытымыр қыс шырғалаңға салуда. Өңірде апта бойы сақталған сары шұнақ аяздың соңы жаңбырға ұласып, маңызды жолдардың барлығы мұз айдынына айналған. Енді күре жолдарда көлік қозғалысы қиындап кетті, деп хабарлайды КТК.

8585

Көктайғақтың кесерінен Зайсан-Алматы бағытына шыққан автобус 28 жолаушысымен төңкеріліп қалған. Ал мұндағы жолаушыларды діттеген жеріне жеткізбек болған екінші автобус та жол апатына ұшырапты.

Екі бірдей оқыс оқиғаны басынан өткерген жұрттың мәлімдеуінше, 4 адам сынық жарақатын алған. Қайта адам шығыны жоқ. Ал Семей-Курчатов жолында жүк көліктері жүруден қалды. Қазір Семейге қарасты 8 елді-мекенде төтенше жағдай жарияланған. Өйткені төрт түліктің қыстық жайылымы тарылып қырылудың аз-ақ алдында тұр.

Шығынға батқалы тұрған 20 шаруа қожалығына жергілікті билік қала қазынасынан 15 млн. теңге бөлген. Қаржы жолдардарды ретке келтірумен қатар жем-шөпке де жұмсалуы тиіс.

“Жалпы, қысқа дайындықтары дұрыс болмаған. Бірақ оған қарамастан көмек беріп жатырмыз. Тамақ мен көмірге қаражат бөлінуде. Қалғанын өз есептерінен алуы керек”, – деді Семей қалаcы әкімінің азаматтық қорғаныс және жұмылдыру дайындығы жөніндегі көмекшісі Берік Түсіпов.

Оқи отырыңыз:

Астана-Көкшетау тас жолында көлік апаты кезінде көмекке ұмтылған жолаушының өзі ажал құшты

Ақтауда жас жігітті қаққан автокөлік оны бірнеше метрге дейін сүйреп кетті (видео)

Ақтауда қуаттандырғышта тұрған ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды

Астанада Бас прокуратураның алдында өзін өртеген әйел өлім аузында жатыр

Талқылау