Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да жоғалған ер адам екінші апта іздестіріліп жатыр

Риддерде жоғалған 26 жастағы Бауыржан Кененбаев 15 сәуір күні жұмысқа кетіп, содан үйіне оралмаған. Оны полицейлер мен су құтқарушылары, туыстары мен ерікті азаматтар іздестіріп жатыр.

baurzhanK20160427_0

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

16 сәуір күні туыстары жоғалған жігіт жайлы әлеуметтік желілерде жариялаған еді. Бауыржанның ағасы Абзал Кененбаевтың айтуынша, ол достарының үйінде қалған жағдайда міндетті түрде хабарласып ескертетін болған. Ал, 15 сәуір күні жұмысқа кетіп, сол күйі үйіне оралмаған. Жоғалған адамды іздеуге еріктілер де атсалысып жатыр.

«Таңғы сағат алтыда үйден шығып кеткен. Оның 4 демалыс күні алдында бір күн жұмыс күнін өтеуі керек болған. Кешкісін үш әріптесімен үйге келді», – дейді», – ағасы.

Ертесі күні Бауыржанның әкесі ұлының ұяы телефонына хабарласқанда, тұтқаны бөтен адам көтерген. Ол Бауыржанның портмоне мен телефонын жоғалтпас үшін өзіне табыстап қойғанын айтқан.

Кешкісін ол адамдар үйге келіп, Бауыржанның заттарын тастап кеткен. Еріктілер жоғалған жігітті іздеуге көмектесіп, қала бойынша парақшаларды таратып шықты.

«Біз Бауыржан жоғалған күні сөйлескен барлық адамдарды тексеріп шықтық. Қалаға су құтқарушылары да келді. Олар өзендерді тексеріп шықты. Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – дейді Риддер қаласының ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Дамир Мақбалбасов.

Бауыржанның туыстары оны тірі күйінде тарбармыз деген үмітте. Ол жайлы ақпарат білгенде болса, 8-777-695-56-30 немесе 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз.

Наталья Потапова

Талқылау