Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да экс-депутат зорлаған қыз із-түссіз жоғалып кетті

Шығыс Қазақстанда із-түссіз жоғалған 19 жастағы Елена Иванованы іздеп жатыр. Ол бұрын өзін экс-депутаттың тарапынан жыныстық зорлыққа ұшырадым деп мәлімдеген болатын.

Бұл туралы “НеМолчи.kz” қозғалысының басшысы Дина Таңсәрі Фейсбуктегі парақшасында жазды. Оның айтуынша Елена 8 қазан оқу мәселесіне байланысты күні Өскеменге кеткен.

“Ол Өскеменге келіп, сол жерден әжесіне хабарласып автобусқа отырып Шемонаихаға баратынын айтқан. Содан кейін қыз ол жерге жетпеген, әжесі де, анасы да қайда екенін әлі білмейді. Телефоны өшіп тұр. Дүйсенбіден бастап таба алмай жатқандарына қарамастан туыстары полицияға хабарласпаған. Сол себепті бүгін хабарлап отырмыз, өйткені оның жоғалып кетуіне алаңдауға негіз бар. Тексерілмеген ақпарат бойынша 19 жастағы Еленаны зорлады деп айыпталған экс-депутаттың ісі Астанаға жіберілген, әлгі адамның өзі де ұзақ уақыт Астанада болыпты”, – дейді Дина Таңсәрі.

Еске салсақ, тамыз айының ортасында экс-депутат және ірі құрылыс фирмасының басшысы 19 жастағы Еленаны зорлады деп күдікке ілінген болатын. Қыздың сөзінше экс-депутат оны ұзақ уақыт бойы зорлап келген.

Тағы да оқыңыз:

Назарбаев орыс тілінде сөйлескені үшін Путинге алғыс айтты

Жұмыс істесе де мойымайды: ШҚО-да «әйнек бала» 18-ге толды

Алматыда сауда үйінде бүлдіршін 3-қабаттан құлап кетті (видео)

Алматыда қарумен жүрген жігіт ұсталды

Талқылау