ШҚО-да ҰБТ-дан жоғары балл жинаған жас жігіт оқуын тастап, шаштараз болып жұмыс істеп жүр

Былтыр ғана Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы қазақ мектеп-гимназиясын жақсы  тәмамдаған Шалқар Амангелдинов ҰБТ-дан 121 балл жинаған. Жоғары көрсеткіші арқылы ол Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика –математика факультетінің «Автоматтандыру және басқару» бөліміне түскен. Алайда 4 айдан кейін оқуын тастап кетіпті.

ШҚО-да ҰБТ-дан жоғары балл жинаған жас жігіт шаштараз болып жұмыс істеп жүр

Бүгінде жас жігіт туған қаласындағы ХҚКО-да шаштараз болып жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды ALTAYNEWS басылымына сілтеме жасап Stan.kz ақапарат агенттігі.

Ол шаштараз мамандығына үйрену үшін «Barbershop»  аталатын 3 айлық курсты тәмамадапты. Артынша Атырауда бір ай көлемінде тәжірибеден өткен.

«Шалқардың мектеп қабырғасында жүргенде-ақ басты арманы шаштараз болу еді. Әкесі Қанат екеуміз оның алған бетінен қайтпайтынын білсек те, жоғары білім алуы үшін бар жағдайды жасадық. Енді амал жоқ…», – дейді анасы, ұстаз Айгүл Бураханова.

Ал 19 жастағы Шалқар өз шешіміне өкінбейді. Себебі өз ұнататын мамандықты таңдаған.

«Қазір жоғары білім алып, дипломын сандыққа салып қойған қаншама аға-апаларды көзіміз көріп жүр. Менің ойымша, мұның бәрі мамандық таңдауда жіберілген қателіктің салдары. Ата-анасы да перзентінің не нәрсе қолынан келетініне, нені таңдайтынына мән бермегенінің кесірі. Мен өзім сүйетін мамандықты таңдадым. Маған күнделікті еңбегім үшін алатын ақы емес, өзім сүйген мамандығымнан алған ләззатым қымбат», – дейді Шалқар Амангелдинов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар