Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғын көрші үйдің бір бөлмесін ешкімге айтпай өз пәтеріне қосып алған

Таврия ауылында тұратын әйел өзінің бір бөлмелі пәтерінің құжат бойынша екібөлмелі пәтер екенін білген. Оның баспанасының бір бөлігі бір уақыттары көршісінікіне қосылып кеткен екен.

стройка

Сурет: mainavi.ru

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

Әйел “тарихи әділеттілікті” өзі орнатпаққа бекінген. Іс нәтижесінде 52 жастағы әйел тәртіп бұзғандығы үшін айыпталды.

Ұлан аудандық сотының шешімі бойынша ауыл тұрғыны 2014 жылы Таврия ауылынан пәтер сатып алған. Баға бойынша да, нағыз факт тұрғысынан да үй бір бөлмелі болған. Алайда техникалық құжатта пәтердің бір кездері екі бөлмеден тұрғандығы жазылған. Екі ортадағы есік кірпішпен жабылған, өйткені бұрынғы иесі бір бөлмесін көршісіне берген.

Айыпталушының айтуынша, ол Халыққа қызмет көрсету орталығына да барған. Ол жерде мамандар мемлекеттік органдар пәтерді екі бөлмелі деп таныса демек, қазіргі қожайынының да екінші бөлме жасауға құқығы бар деген. Көрші пәтер бұрыннан бос тұрғандықтан, қожайынға ол жаққа кіруге ештеңе кедергі болмаған. 2015 жылы ол заңсыз өзінің тұрғын үй көлемін заңсыз кеңейткен. Көрші жақтан кіретін есікті бұзып, бос қалған кеңістікті жапқан.

Зардап шеккен пәтер иесі ол жерде тұрмаса да, жәй тексеріп қоюды жөн санаған екен. Осылайша кезекті рет келгенде өзгерістерді көріп шошып кетеді. Көршісінің әрекеті қылмыстық іс қозғауға негіз болды.

Мәселенің ақ-қарасын анықтау кезінде дау тудырған бөлменің 20 жыл бұрын жаппай жекешелендіру кезінде көрші пәтерге қосылғаны анықталған. Сол кезде бөлмені сатып алу туралы келісім жасалған. Бұл мәліметтердің барлығы жылжымайтын мүлік орталығының мұрағатында сақталыпты.

Жырға айналған бір бөлмелі пәтердің қожайыны да бірнеше рет ауысыпты. Олардың біреуі баспананы жекешелендіріп, комиссия актісінде бөлме саны көрсетілмеген. Ол бір бөлмелі үй ретінде сатып алып, екі бөлмелі пәтер ретінде сатқан.

Талқылау