ШҚО-да түлектердің бірі мектебіне 1 миллион теңгеге жабдықтар алып берді

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында «Туған жер» бағдарламасы қарқын алып келеді. Соңғы үш жылда осы өңірден шыққан белгілі қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлер жалпы құны 360 миллион теңге болатын 268 жобаны жүзеге асырған.

Бұл туралы Хабар 24 хабарлайды.

Жарты ғасырлық тарихы бар №5 орта мектептің түлектері де өздері сауат ашқан білім ошағына қомақты қаражат салып, демеушілік танытыпты. Олардың бірі сынып бөлмелерін құрал-жабдықпен қамтамасыз етсе, басқалары күрделі жөндеуге көмектескен. Биыл да аудан көлемінде 70-тен астам жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

«Түлектердің бірі Қожаев Қанат Қайратұлы мектеп оқушыларының қыз балаларға арналған еңбек кабинетін тарту етті. Бұл кабинеттің өзі миллион теңгеге жасалды. Бұл түлекке үлкен алғысымызды білдіреміз. Себебі қыз балаларымыз осы кісінің берген машинасымен іс тігуге, еңбекке үйреніп машықтанып қалды деп айта аламыз. Нашанов Жұмабек математика кабинетін ашып берді, 3-қабатта. Кабинетті толық жөндеуден өткізді», – дейді Аягөз қаласындағы жалпы білім беретін №5 орта мектептің директоры Айнұр Қанапиянова.

Оқи отырыңыз:

300 әлде 1000? Ғалымдар Семей қаласының жасы жөнінде дауласып қалды

Екі қызды құтқарам деп пойыз астына түскен ер адамның жерлеуіне олардың туыстары да, полицейлер де бармаған

Әлия Назарбаева: Қызымнан кешірім сұрап, екеуіміз де жылап алдық (видео)

Өскеменде мас әйел әскери жасаққа пышақпен шабуыл жасады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар