Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да трактор аударылып, екі адам қаза тапты

Тарбағатай ауданында К-700 тракторы жыраға түсіп кетіп, 60 жастағы жүргізуші мен 46 жастағы көмекшісі ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенше жан тапсырды

traktor2

Бұл туралы  STAN.KZ ШҚО ІІД ақпаратына сүйене отырып хабарлайды

Апат Зайсан-Ақжар тас жолында орын алған. Асулардың бірінде жүргізуші рульді басқара алмай, жыраға түсіп кетті.
«Жол апатынан 60 жастағы жүргізуші мен 46 жастағы көмекшісі ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенше, жан тапсырды», – деп хабарлады ведомство баспасөз қызметінен. Аталмыш факті бойынша қылмыстық өндіріс басталды, оқиғаның нақты себептері анықталуда.

Талқылау