Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да төртінші рет кесір тілігін жасатпақ болған жүкті әйелдің жатыры жарылып кеткен

Еліміздің шығыс облысында жүкті әйелдің жатыры жарылып кетіп, салдарынан өзі де, құрсағындағы сәбиі де қайтыс болды. Төртінші рет кесір тілігін жасатпақ болған әйел мен перзентін аман алып қалу мүмкін болмаған. Марқұм Ләззат Тұрысбекованың туыстарының сөзінше, дәрігерлердің шалағайлығы болмағанда оның өмірін құтқарып қалуға болар еді. Ал медициналық қызметкерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанын айтып отыр.

ШҚО-да төртінші рет кесір тілігін жасатпақ болған жүкті әйелдің жатыры жарылып кеткен

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz.

Ләззат Тұрысбекова түн ортасында жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Күйеуі жанында болған. Оған жағдайын айтып, екеі сөйлесіп отырған. Күйеуінің сөзінше, жұбайы қабылдау бөліміне барғанда есін біліп жатқан.

«Жедел жәрдем шақырғанда қан қысымы 120 деп, оны зеңбілге салып, сағат 2-ден кете ауруханаға алып бардық. Сағат  4-тердің шамасында оның қайтыс болғанын хабарлады. Сонша уақытта не істеп отырған?» – дейді марқұмның күйеуі Нұрболат Демежанов.

Осылайша марқұмның туыстары дәрігерлердің дәрменсіздігі үшін Ләззаттан айырылып қалғандарын айтуда. Алайда дәрігерлер бұған дейінгі үш баласын кесір тілігі арқылы алынған әйелдің төртінші перзентін босануына қарсы болғандарын айтып отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қайғылы жағдайға байланысты комиссия құрылған.

«Бүгінгі күні акушерлік себеппен орын алғаны болып отыр. Ол қалай болды? Неліктен? Қандай шаралар қолданылды? Біздің мамандардың қолданған шаралары жеткілікті болды ма? Бәрін жан-жақты тексереміз. Содан кейін шаралар қолданылады», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова.

Жалпы, Шығыс Қазақстанда 2018 жылы 3 ана ауруханада көз жұмып, бір жасқа толмаған 159 сәби шетінепті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау