Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО тұрғыны 6 айлық баласының өліміне әйелін кінәлап отыр

Бір жыл бұрын ШҚО-дағы Шүлбі кентінде қайғылы оқиға орын алды. 6 айлық сәби өз төсегінен өлі күйде табылған.

Бұл туралы yk-news.kz хабарлайды.

Қайғылы оқиға 2016 жылдың қараша айында орын алған.  Сәби қайтыс болған кезде пәтерде баланың анасы болған. Баланың әкесі үйге келгенде пәтер ішінің шашылып, әйелінің талып жатқанын көріпті. Есін жиған әйелі баласының қайда екенін сұрап, сәби жатқан бөлмеге жүгіреді. Әйелінің соңынан барған ер адам баласының қайтыс болып кеткенін көрген. Ер адам баласына жасанды тыныс алдыру әдістерін жасап, дәрігер шақырғанымен, кішкентай Никитаны аман алып қала алмапты.

Сәбидің әкесі 32 жастағы Андрей Клименконың (мәлеметтер өзгертілген) сөзінше, бастапқыда әйелі пәтерге әлдекімнің кіріп, өзін ұрғанын айтыпты. 26 жастағы әйел соққы салдарынан талып қалған кезде бала жылап, бейтаныс адам сәбиді тұншықтырып өлтірген.

Алайда полиция қызметкерлері келгеннен кейін, әйелі басқаша жауап берген екен. Ол баланың үстіне жастық құлап кетіп, тұншығып қалғанын айтқан.

«Әйелімнің полицейлерге айтуынша, ол бала ұйықтап жатқан кезде төсектің арқалықтарының арасына аяғы қысылып қалмас үшін жастық қойған. Мұнан кейін душ қабылдауға кетіпті. Ол душтан шыққан кезде баланың аяғы дірілдеп жатқанын көрген. Баламның үстіне жастық құлап, тұншығып қалған екен. Наташа ұлымның жанына жүгіріп келіп, оның демалмай жатқанын байқапты. Оған жасанды тыныс алдыру әдістерін жасай бастаған. Бұл әрекеті еш нәтиже бермейтінін түсінгеннен соң, есі шығып кеткен», – дейді Андрей.

Өлім туралы куәлікте сәбидің тұншығу салдарынан қайтыс болғаны жазылыпты.

«Аузы мен мұрыны жұмсақ затпен жабылып қалғандықтан, механикалық тұншығу салдарынан қайтыс болған», – деп жазылған куәлікте.

Андрейдің айтуынша, тергеуден үйге келгеннен кейін әйелі өз жайын ойлап, уайымдаумен болыпты. Ал ертесі күні: «Кешір, мұны жасаған мен емес…», – деген екен.

Сәбидің өліміне қатысты ҚР ҚК 104-бабы (Абайсызда адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ осы кезде Андрей жұбайының ұлын әдейі өлтірген болуы мүмкін екенін ойлапты.

«Арамызда бәрі жақсы болған. Баламыз болғанын қаладық. Бірақ ұлымыз дүниеге келгеннен кейін Наталья ашушаң болып кетті. Бала күтімімен ештеңеге үлгере алмайтынын, тамақтануға мүмкіндігі бола бермейтінін айтып шағымданды. Тіпті, өз-өзіне қол жұмсау туралы да ойлады. Ал бірде Никитаны бала сүйе алмай жүрген туыстарына бергісі келетінін айтты», – дейді Андрей.

Қайғылы оқиға орын алғаннан 5 күн өткеннен кейін Наталья облыстық психоневрологиялық диспансердің психиатриялық бөліміне түскен. Ол стационардан 2017 жылы ақпанның 1 күні шығыпты. Дәл осы уақытта «қылмыстқық құқық бұзушылық құрамы жоқ болғандықтан» қылмыстық іс тоқталыған екен. Әйелінен күдіктенген Андрей бірден ажырасып кетеді. Ол Натальямен кездескен кезде, баласын өлтіргені үшін еш өкінбейтінін байқапты.

Андрей мен ата-анасы прокуратураға барып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жалғастыруды сұраған. Бақылау органы 17 мамырда тиісті қаулы шығарыпты. Алайда 21 мамырда Наталья қайтадан психоневрологиялық диспансерге түскен.

«Бұрынғы әйелім диспансерден шыққан кезде, ол қосымша сот-медициналық сараптамадан өтуге жіберілді. Мамандар оның психикалық денсаулығына байланысты тергеуге және сот алдына бара алмайтынын айтты. 17 тамызда істі қайтадан жауып тастады. Біз тағы да прокуратураға барып шағымдандық. Егер Натальяның психикалық денсаулығында кінәрат болса, ПНД-де жатуы керек. Ал стационардан шығарылса, демек денсаулығы қалпына келгені ғой. Неліктен мұндай жағдайда тергеу жұмыстары тоқтатылады? Істі сотқа жеткізгісі келмей ме?» – деп ашынды Андрей.

Андрей облыстық прокуратураға шағымданғаннан кейін, қылмыстық іс қайта қозғалады деп үміттенеді.

«Бізге іс бойынша өндірісті тоқтату жөніндегі процессуалдық шешім бірнеше себептер бойынша уақытынан бұрын шығарылғаны жөнінде хабарлады», – дейді Андрей.

Біріншіден, прокуратурадағылар сот-медициналық сараптама барысында Натальяға әр түрлі диагноз қойылғанын анықтаған. Сондықтан комиссилық сараптама жүргізу қажет.

Екіншіден, алты айлық сәбидің жастықтың астында қалып тұншығуы күмән туғызады. Тергеу тәжірибесі кезінде аталған фактіге еш дәлел табылмады. Ал Никитаның туыстары сәбидің өздігінен еңбектеп, отыра алатынын айтқан. Ол бетіне құлап кеткен жастықты итеріп тастай алатын еді.

«Сонымен қатар баланың төсегінің суретінде төсектің ағаштан жасалған арқалықтарының бойымен жұмсақ қоршағыш зат қойылғаны байқалды. Сәйкесінше, анасының баласы ұйықтап жатқан кезде арқалықтардың арасында аяғы қысылып қалмас үшін жастық қойғаны туралы сөзіне қатысты күмән туындайды», – дейді ШҚО прокуратурасының бірінші басқармасының прокуроры Ершат Тұрысбаев.

Ал зардап шегуші тараптың адвокаты қылмыстық істі «Абайсызда адам өлтіру» бабынан «Адам өлтіру» бабына ауыстыруын талап етуде.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеліктер суға батқан адамды құтқарудың орнына, телефон камерасына түсіріп тұрған

Сәтпаевта ағасын қорғамақ болған қыз полициейлерге тап беріп, ұрып тастады (видео)

Алматыда Range Rover көліктерінің жүргізушілері «мақтаншақтығы» үшін жазаға тартылды

Семейде желі арқылы бала ұрлаушылар туралы хабарлама таратыла бастады

Талқылау