Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да танымал әнші көлігімен ағашқа соғылып, жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды

ШҚО-да көлігімен ағашқа соғылған танымал әнші Мұрат Жуанышпаев жүрек жеткіліксіздігінен қаза тапты, деп хабарлайды yk.kz. Қайғылы оқиға кеше түстен кейін Өскемен қаласында болды. ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «102» бөліміне сағат 15:37-де  «Nissan Murano» маркалы автокөлігінің ағашқа соғылғаны туралы хабар түскен.

ШҚО-да танымал әнші көлігімен ағашқа соғылып, жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды

Тексеру барысында 67 жастағы ер адамның Қабанбай батыр көшесімен Бұров 61 бойындағы №2 қалалық емханадағы көлік тұрағында ағашқа соғылғаны анықталды. Қатты соққыдан көлік жүргізушісі есін жимастан сол жерде көз жұмған. Сот-медициналық сараптама өлімнің себебін – жүрек жеткіліксіздігінен болды деп көрсетті.

Қала әкімшілігі қайтыс болған азаматтың танымал әнші Мұрат Жуанышпаев екенін айтты. Олардың айтуынша, қаладағы белгілі бір іс-шаралар әншінің қатысуынсыз өтпейді. Марқұм шығармашылыққа толы азамат болған, деп еске алады әкімшіліктегілер. Ол алдағы мамыр мерекелеріне арналған бағдарламаларға дайындық жұмыстарын жүргізіп жүрген екен.

Айта кетейік, марқұмның жерлеу рәсімі 12 сәуірде өтеді.

Оқи отырыңыз:

Аялдамадағы әйелді көлік қағып өлтірді: Жантүршігерлік сәттің видеосы жарияланды

Қостанайда сүйіктісімен табыса алмаған 17 жастағы мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады

Тағы да атып кетті: ОҚО да ауыл тұрғынын өлтірген қылмыскер іздестірілуде

Қарағандыда 79 жастағы зейнеткер сегізінші қабаттан құлап көз жұмды

 

Талқылау