Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да сынып төбесіндегі қабырға опырылып, 4 оқушы аурухананың жан сақтау бөлімінде жатыр

ШҚО-да мектептегі сыныптың төбе қабырғасындағы лай опырылуы салдарынан 3-сыныптың  төрт оқушысы ауруханаға түсіп қалды.

Усть-Таловка ауылындағы  Астафьев атындағы мектептегі осы жағдайдан төрт оқушы зардап шеккен,-деп жазды YK-news.kz басылымы.

Төтенше жағдай күндізгі сағат 13:00 шамасында болған. Ол жерге бірден Шемонаихинск ауданының әкімінен бастап полиция, прокуратура өкілдері келген.

«Тексеру кезінде бастауыш сыныптың төбе қабырғасы қатқан цементпен қоса жерге опырылып түскен. Жерге түскен лай мен цементтің қалыңдыңы 1 см. Опырылған жер сыныптың ортасында 1 кадрат метр болып қалады. Оқиға үзіліс кезінде болған. Оқушылар ойнап жүрген»,-деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің  аға инженері Гүлбахар Халилова.

Бұл жағдайдан екі оқушы қыз бен екі оқушы бала зардап шеккен. Олардың үшеуінің бас сүйегі жарақаттанған. Төртінші баланың қолы сынған. Балалар қазір ауруханада жатыр.

«Олардың жағдайы бір қалыпты. Ертең жан сақтау бөлімінен шығарылады. Балалар әбден қорқып қалған.»,- дейді  ТЖ бөлімінің өкілі.

Мектеп 1961 жылы салынған, содан бері бір мәрте де  жаңалап жөндеу жұмыстары жасалмаған екен.

Оқи отырыңыз:

Бағдат Мусин: Қазіргі жастар 4 жыл тайраңдап бос жүреді, тек диплом алса болды

Ақтөбеде дін жолында жүрген ата-аналар намаз оқитын таксист іздейді

Ер адам қателікпен сотталып түрмеде 46 жыл отырған

 

 

 

Талқылау