Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да сығандар 10-нан аса тұрғынды дуаландың деп алдап, ақшасын алып кеткен

ШҚО-ның Предгорное ауылында облыс орталығынан келген әйел бал ашып, тұрғындардың ақшасын жымқырып кетті. 

ШҚО-да сығандар 10-нан аса тұрғынды дуаландың деп алдап, ақшасын алып кеткен

38 жастағы әйел 80 жастағы әжейдің 120 мың теңгесін алып кеткен. Полицейлердің мәліметінше, Шығыс Қазақстанда сыған кейпіндегі адамдардың қатысымен 18 іс тіркелген. 

“Алаяқтар адамның психологиясын әбден жетік меңгеріп алған. Әсіресе, егде жастағы адамдарды құрығына түсіреді. Олардың өзімен әңгімелесетінін, сұрағына жауап беретінін біледі”, – дейді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Алаяқ әйел әңгімелесуші адамның бойында дуа барын айтады. Оны қайтара алатынын да айтып, ол үшін ақы сұрайды. Осылайша бар ақшасы мен қымбат заттарын алып кетеді. Олар әр түрлі жолмен алдайды. Кейде спектакль ойнап кетуі мүмкін.

Полицейлер тұрғындарды сақтыққа шақырып, алданған жағдайда хабар беруін сұрайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау