Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да шопанға жай түсіп, ажал құшты

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында найзағай түсу салдарынан малшы қаза тапты. Бұл туралы аймақтық төтенше жағдайлар департаменті хабарлайды.

1414

Қайғылы оқиға 30 мамырда Кеңгірбай би ауылдық округінде «Қараой» қыстағында орын алды. 65 жастағы ер адам мал бағып жүрген кезде найзағай ойнаған. Жай түсу салдарынан шопан ауыр жарақат алып, мерт болды.

Бұл ағымдағы жылда болған бірінші оқиға емес. Сәуір айында Абай ауданында жылқыға жай түскен болатын. Абырой болғанда, оның жанында болған адам термикалық күйік алғанымен, аман қалды.

Талқылау