Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да рейстік автобус жол үстінде өртенді

Шемонаиха-Өскемен тас жолының 10 шақырымында бағыт бойынша бет алған «Өскемен-Томск» рейстік автобусы өртенді.

avtobus2

«Неоплан» маркалы автобустағы қозғалтқыш бөлігінің бөлшектері, салон, 36 шаршы метр алаңда дөңгелек жанып кетті.

Өрт бірнеше минутта оқшауланып, 40 минуттан кейін өшірілді. Өртті сөндіруге ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ күштерінен 3 адам, 1 бірлік техникасы қатысты.

Автобуста 10 жолаушылар жол-жөнекей көліктермен Шемонаиха қаласына жеткізілді.

Талқылау