Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да Ресейге атпен 100 келіге жуық есірткі тасымалдаған адам ұсталды

9 желтоқсанда «Өскемен» шекара отрядының «Ақсақал» шекара заставасының аумағында, «Байтанат авто» шекаралық бақылау пункітінен солтүстікке қарай 5 шақырымдық қашықтықта шекара наряды Ресейге қарай кіріп, қайта шыққан салт аттының ізін тапқан.

20140815103926

Бұл туралы  ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«10 желтоқсан күні із иесінің қай жерге дейін барып-қайтқандығын анықтау мақсатында ресейлік әріптестерге хабар жіберілген болатын. Қазақстандық шекарашылар осы із арқылы 40 жастағы Ербол есімді Байтанат ауылының тұрғынын ұстап, сұраққа ала бастаған кезде, Ресейдің Федералдық қауіпсіздік комитетіне қарасты Федералдық шекара қызметінің Барнаул аумағы бойынша кезекшісінен жауап келіп түсті. Олар қазақстандық шекарашылардың берген ақпараты бойынша кірген ізді қуалай отырып Ресей аумағындағы Круглое елді мекеніндегі бір үйдің қақпасына тіреліп, сол үйден 56 жастағы Александр есімді ресейлікті және 42 жастағы Сергей есімді қазақстандықты ұстаған. Олардан жалпы салмағы 100 келіге жуық екі қап кептірілген «марихуана» есірткісін тәркілеген», делінген хабарламада.

Бұл ақпараттан кейін, біздің елдің аумағында ұсталған Ербол бұдан әрі қасарысудан пайда жоқ екендігін түсініп, есірткіні Ресейде ұсталған адамдарға өзі апарып беріп келгендігін мойындады.

Тергеу амалдары әрі қарай жалғасуда.

 

 

Талқылау