Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да полицейлер велосипедтерге отырды

Өскеменде жергілікті полиция қызметкерлері қоғам назарын велосипедшілер проблемасына аудару үшін екі дөңгелекті транспорт түрін ерттеп мінді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170529100356

“Жаздың келуімен қала көшелерінде экологиялық транспортт қалайтындар жүре бастады. Сол себепті бізде қызметкерлері велосипедтерге отырғызып, оларды жол бойында қалайша тәртіп бұзбай, жол ережесін сақтап жүруге болатынын үйретіп жатырмыз. Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілерін велосипедшілерге түсіністікпен қарауға да шақырып отырмыз”, – деді ШҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы Ақгүл Атудинова.

20170529100339

Осы айда Өскемен қаласында велосипедшінің қатысуымен бір жол апаты болған. Бірақ, олардың әрекеттеріне қатысты шағым өте көп екен. Полиция қызметкерлері велосипедке өздері отыру арқылы жол бойында қалай айдау, қалай бұрылу керектігін көрсетеді. Сондай-ақ, жол сақшылары 14 жасқа дейінгі балалардың жол бойымен жүруге болмайтынын, 7 жасқа дейінгі балаларды қатар отырғызып алып жүруге болмайтынын ескертеді.

20170529100331

Велосипедші де жол қозғалысының толық құқылы қатысушысы болғандықтан ішкі істер департаменті олардың да әрекеттеріне мән беріп, бақылап отырмақ.

Оқи отырыңыз:

Руслан Әбдіразақов “Алматы Барысы-2017” алтын белдігін жеңіп алды (фото)

Англияда оқып жүрген қазақ жастары жойқын жарылыстан қалай аман қалғандарын айтты

Бұдан былай бала туған кезде автоматты түрде балабақша кезегіне қойылады

ОҚО-да 83 жастағы таксист қария жолаушылардың өз қалауымен берген ақшасын ғана алады

 

Талқылау