Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да полицейді көмекке шақырған әйел оған қол жұмсаған

ШҚО Глубоковское ауданы Прапорщиково ауылында әйел полицияны көмекке шақырып алып, көмекке келген полицейді соққыға жыққан

2222222222

Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Әйел дүкеннің маңында тұрған. Шақырту орнына жеткен учаскелік қызметкер оған не көмек қажеттігін сұрайды. Жауап берудің орнына әйел оны бетінен бірнеше рет ұрып жібереді.

Ызаға булыққан әйелді полиция бөлімшесіне алып келуге тура келді.

33 жастағы аудан тұрғынына қатысты ҚР ҚК 380-бабына (билік өкіліне қатысты күш қолдану) сәйкес қылмыстық өндіріс қозғалды. Сот алды тергеу жүргізілуде. Ол 2 мың АЕК айыппұл төлейді не 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау