ШҚО-да полицей көлік астына түскен адамнан ақша талап еткен

Өскеменде полицей көлік қағып кеткен жаяу жүргіншіден пара талап еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәлім болғандай, Ішкі істер департаментіне қалалық ауруханадан жаяу жүргіншіні көлік қаққаны туралы хабарлама түскен. Полиция қызметкері зардап шегушіден түсінік алу барысында оның бұрын сотталғанын және нашақор ретінде тіркеуде тұрғанын анықтаған. Оның үстіне, көлік астына түсіп қалған жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден өтпек болған.

Тәртіп сақшысы осыларды желеу етіп, қаулы толтырмас үшін 30 мың теңге талап еткен. Зардап шегушіден айыпталушыға айналған азамат бұл талапқа  келіскенімен, ізінше сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне жүгінген. Сот алдында өз кінәсін мойындаған полицей, жазаны жеңілдету үшін бұрын-соңды істі болмағанын және кәмелетке толмаған балалары барын ескеруді сұрады. Сот үкімімен ол мемлекет қазынасына 1,8 млн теңге төледі. «ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-тармағы бойынша айыпталушыға алған парасынан 60 есе көлемінде айыппұл салынып, лауазымынан өмір бойына айырылды. «Полиция лейтенанты» шені де қайтарылды» – деп атап өтті Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз хатшысы Виктория Ляпунова.

Тағы оқыңыз:

Бетімді былғап, шалбарымды шешті: Шымкентте зорланды деген оқушы оқиғаның қалай болғанын айтты

Алматы облысында 5 баласы бар отбасы күйеуінен зәбір көрген 2 келіншек пен 14 баланы асырап алған

Мектеп әрі жатақхана: Астанада бір ғимаратта он отбасы өмір сүріп, жүздеген оқушы білім алады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
17.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар