Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да полицей көлігімен соқтығысқан жол апатында такси жолаушысы көз жұмды

Ақпанның 18-нен 19-на қараған түні Зыряновскте патруль көлігі такси көлігімен соқтығысты. Қатты соққы салдарынан такси көлігінде отырған жолаушы мерт болды. Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның жүргізушінің жол ережесін бұзғанына байланысты болғанына сенімді, – деп хабарлайды yk-news.kz.

JeEeCSs_DfU-main_0

Алайда, такси жүргізушісі полицейлердің жылдамдықты асырып жүргізген және көлікті мас күйінде айдаған деп күмәнданады.

«Лада Гранта» көлігі Советская көшесімен келе жатып, Комсомольская көшесіне келгенде өзінің қауіпсіздігіне көзі жетпестен солға бұрылады. Сол сәтте қарсы бағыттағы патрульдік «Шкода» көлігімен соқтығысады. Соның салдарынан такси ішіндегі 40 жастағы жолаушы көз жүмды. Сондай-ақ, патрульдік көлік ішінде отырған жолаушы басынан зақым алып, ауруханаға түсті. Екі жүргізуші де оқиға орнында сау күйінде болған.

«Диспетчерден тапсырыс түсіп, жолаушыны алып кеттім. Ол дүкенге тоқтауымды өтінді. Қиылыстан солға бұрылғанда жолаушының рөлге жабысып алғанынан ешнәрсе істей алмадым. Басымды көтерсем, қарсы беттен көлік келе жатыр екен. Жақын қалған сәтте оны бізден айналып өтеді не аздап соққы жасайды деп ойлағам. Бірақ, олай болмады. Полицей көлігі дәл жолаушы отырған қырынан кеп соқты. Соққыдан менің көлігім 19 метрге ұшып кетті. Патрульдің көлігі сағатына 60 шақырымнан аса жүргені белгілі», – дейді «Лада» көлігінің жүргізушісі Әлібек Урузбаев

Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы болған жер таңға дейін қоршауға алынған. Көліктен жолаушының денесін алып шығу үшін арнайы құтқару көлігі керек болған. Оларға көліктің бір бөлігін кесуге тура келген.

da31N0sv9F4-01

«Бізді ауруханада тексеру кезінде әйелім полицейдің тесті 2,8 промиль масаңдығын көрсеткенін айтады. Бірақ, кейіннен дәрігерлер полицейдің сау болғанын айтты. Мен олардың тағы бір рет тексеруден өткізуін талап еттім. Алайда олар олай істей алмайтындарын айтты. Мен жергілікті телеарналарға хабарласқан соң ғана, барлығымызды ауруханаға келіп екінші мәрте тексеруден өтуге шақырды. Бірақ, мен тест нәтижесін ауыстырып қоя ма деп қорқамын. Мен өз ісім үшін жауап беруден қашып отырған жоқпын. Алайда, біреудің айыбынын бәрін маған жапқанын қаламаймын», – дейді жүргізуші.

Қаза болған жолаушының ағасы такси жүргізушінің сөзін қолдап, оған ақиқатты білуге көмектесетінін айтқан. Апатқа қатысы бар полицейлердің барлығы Зыряновск ауданында туып өскен. Сондықтан барлығы бір-бірін жақсы таниды.

«Жол-көлік оқиғасына қатыстылар тағы да тексеруден өтеді. Және сараптама жүргізіліп, барлығы анықталатын болады. Жүргізушінің зерттеу жұмыстарына ешқандай күмәні болмауы керек», – дейді Бақытжан Торғаев.

Артур Власов

Талқылау