Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да өзеннен 16 жастағы жасөспірімнің денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында өрт сөндірушілер өзеннен 16 жастағы жасөспірімнің денесін алып шықты. Жасөспірім өзенді атпен кешіп өтемін деп батып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ШҚО-да өзеннен 16 жастағы жасөспірімнің денесі табылды

Жасөспірімді іздеу жұмыстары бірнеше сағатқа созылған. Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметтерінің қызметкерлерімен қатар, аудандық полиция бөлімі, жергілікті атқаруші орган қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жасөспірімді іздестірді.

Белгілі болғандай, 16 жастағы жасөспірім  Аягөз өзенінің арғы бетіне малды айдап өтпек болған. Ол өзенді атпен кешіп өтпек болғанда, суға құлапты. Жасөспірім қатты ағысқа түсіп қалып, су түбіне кеткен. 

«Бізге қоңырау түскен бойда қызметкерлеріміз оқиға орнына қарай шықты. Іздестіру жұмыстарына шамамен 50 адам жұмылдырылды. Орташа есеппен, судың тереңдігі 3 метр болады. Өзен бойында іздестіру операциясы жүргізілді. Оқиға орнынан 50 метрдей жерден өрт сөндірушілер жасөспірімнің денесін тапты», - дейді Аягөз аудандық ТЖБ-ның аға инженері Мәди Қажыбаев.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр