ШҚО-да ондаған отбасы жылуы жоқ үйде тұрып жатыр

Сәрсенбі, 9 Желтоқсан , 2015 21:40

Шығыс Қазақстан облысында 12 жанұя мүлдем жылуы жоқ баспанада тұрып жатыр.

0

Риддердегі үйдің салынғанына 70 жыл болған.   Оның жылу құбыры да әбден тозған, деп хабарлайды КТК.

-Әуел баста-ақ бойлерді жөндеуден өткізу туралы сөз болған. Әкімдіктен де келіп қарап, қазандықтың істен шықпағанын көрді. Бірақ, неге екенін қайдам, ақыр аяғында оны мүлде тоқтатып, бүкіл үйді жылусыз қалдырды.

Пәтерлер суық әрі сыз тартқандықтан балалар да жиі ауырады. Қазір жұрт үйлерінде пимамен жүр. Ал, жуынып-шайыну үшін үнемі су ысыту керек, – дейді Риддер қаласының тұрғыны Ирина Дергачева . Олардың бұл үйде тұрып жатқанына 7 жыл болған.

Аязды күндері мұндағы 60 тұрғынның жағдайы тіпті нашарлап, суық үйді электр пешімен жылытып отыр. Ал оның  қалтаға қиын соғып тұрған жайы бар. Құбырды жөндеуге тұрғындарда қажетті қаржы жоқ. Шенеуніктер де бюджеттің жұқалығын айтып, қазандықты жөндеуді жұрттың мойнына артып қойған.

-Жылу электр орталығы жылуды да, суық суды да беріп отыр. Егер, олар өздері жылу қазандығын жөндеп, барлық нұсқауды орындаса және қарыздарын өтесе мұндай күйге жетпес еді, – дейді Риддер қаласы әкімінің орынбасары Сергей Харченко.

Осы маңнан өтетін пойыздардың әсерінен үйдің қабырғалары шытынай бастаған. Саңылауларды жұрт өздері жамағанымен оның пайдасы шамалы. Ал мұндағы 12 отбасының пәтер кезегінде тұрғандарына он шақты жыл болған. Бірақ жаңа баспананың ауылы әлі алыс.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар