Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да өлі күйінде табылған анасы мен қос қызы полицейдің отбасы болып шықты

Жантүршігерлік қайғылы оқиға 10 тамыз күні Қатон-Қарағай ауданына қарасты Үлкен Нарын ауылында орын алды. Жұмыстан үйіне оралған полицей жұбайы мен екі бірдей қызының өлі денесін тапқан. 10 жасар қыз бен 8 айлық бүлдіршін пышақ жарақатын алса, 34 жастағы әйел сымға асулы болған.

20170819141431

Бұл туралы yk-news.kz хабарлады.

Қазіргі уақытта «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Алайда бұл қылмысқа қатысты тағы бір болжам бар: анасы қос қызын өлтіріп, артынша өзі де асылып қалуы мүмкін.

Үлкен Нарын тұрғындары Болсыновтар отбасын (этикалық нормаға сәйкес отбасы мүшелерінің аты-жөні өзгертілді) жақсы танитын. Ринат – РОВД қызметкері, ал оның жары Айдана ауыл лицейінде информатика және физика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқаратын. 10 жасар қыз төртінші сыныпты бітірген. Ал үйдің кенжесі небәрі сегіз ай бұрын дүние есігін ашқан. Дәл осы себепті Айдана декреттік демалыста еді.

10 тамыз күні Ринат әдеттегідей жұмысынан оралды. Есікті қақты, алайда ешкім ашпады. Есік іштен құлыпталғандықтан, ер адам бірдеңеден сезіктенген-ді. Кейін үйіне терезе арқылы кірді. Әйелі мен қос қызының өлі денелерін көргенде есеңгіреп қалды. Қос бүлдіршін пышақ жарақатын алса, жұбайы сыммен асылып тұрды.

Оқиға орнына жедел құтқару қызметі келіп жетті. Тергеушілер жедел қызметке кірісті. Келесі күні ШҚО ІІД аталған трагедияға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Болжам бойынша, полицейдің отбасын әлдебіреулер өлтіріп кеткен болуы мүмкін. Бірақ үйден ештеңе ұрланбапты.

«Аталған факті бойынша «Екі және одан көп адамды өлтіргені үшін» бабы боойынша тергеу жүріп жатыр. ШҚО прокуратурасы бұл істі жіті бақылауға алды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады облыстық бақылау органы.

Алайда ресми емес деректерден бұл трагедияның басқа да себебі болуы мүмкін деген ақпаратқа тап болдық. Әйел, алдымен, екі қызын, артынша өзін өлтірген болуы мүмкін. Алайда бұл әзірге болжам ғана.

Ал бүтіндей отбасынан айырылып қалған полицей пікір білдіруге қауқарсыз. Ол әлі күнге дейін оқиғаның растығына сенбей отыр. Ол тергеу нәтижелерін күтуде. Ал әйелі суицид жасауы мүмкін бе деген сауалға полицей жауап бермеді.

«Ол ешқандай хат қалдырмады», – деп атап өтті ол.

Айтуынша, әйелі мұндай қадамға баратындай еш себеп болмаған.

Ал әріптестері Айдананы нағыз өз ісінің кәсіби маманы ретінде еске алады. Айтуларынша, ол өз мамандығын жақсы көрген әрі бар күш-жігерін салып жұмыс істеген. 2004 жылдан бастап лицейде жұмыс істеген әйел қосымша жоғары оқу орнында оқыған. Ұстаздықтан бөлек, ол лицейдің сайтын жүргізіп, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысқан. Бірнеше жыл бұрын облыс бойынша өткен байқауда үздік ұстаздар қатарынан көрінген.

Үйдің үлкені Айжан жайлы да ұстаздардың пікірі оңды. Жеткіншек сабағын жақсы оқып, қосымша үйірмелерге де қатысқан екен.

Оқи отырыңыз:

Алматыда анасы төрт баласымен жол апатына түсті

Әріптестерін пышақтаған жамбылдық лауазымды полицей қолға түсті

Қызылордада 5 баласы бар әжей “Қарттар үйін” паналап отыр

Алматы облысында қоқысқа тұншыққан жұрт жаппай ауруға шалдығып жатыр

Талқылау