ШҚО-да оқушыларға порно көрсетті деп айыпталған ұстаз жазаланды

Жексенбі, 31 Қаңтар , 2016 17:02

Шығыс Қазақстан облысында Соловьево ауылындағы мектепте болған атышулы іске нүкте қойылды, – деп хабарлайды YК-news.kz.

skola20160129_0

 Соловьево ауылындағы мектеп
сурет авторы: Екатерина Тамбовцева

Оқушылардың аузын скотчпен жауып, сабақ үстінде порно көрсетті деп айыпталған мұғалімнің қызметі төмендеп, сөгіс жарияланды.

Оқытушы Махаббат Төлеутаеваның бұл әрекеті жайлы оқушы қыздардың бірінің әкесі бірінші болып естіген. Кейін ол жергілікті білім бөліміне және облыстық басқарамаға шағымданған. Кейіннен істі полиция қарап, мұғалімнің іс-әрекетіне тексеру жүргізді.

“Қыздың айтуынша, оқиға былай болған: Аня директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Махаббат Төлеутаеваның баланың аузын скотчпен жапқанын көрген және “Кімде-кім еркелейтін болса, сөйлей беретін болса, скотч барлығына да жетеді” деп айтқанын естіген. Сосын мен порнографияға байланысты жағдайды сұрадым. Аня маған бұл оқиғаның 2015 жылдың ақпанында ән-күй сабағында болғанын айтып берді. Кабинетте интерактив тақтасы орнатылған, оған ноутбук қосулы болған. Компьютер басқа мұғалімдікі екен. Махаббат Төлеутаева компьютердегі папкаларды ақтарып, видео іздеген, осыдан кейін бір видеоны ашып қалғанда экранда жыныс мүшелері көрсетілген.

Айта кету керек, оқу ісі жөніндегі орынбасардың баласы осы сыныпта оқиды. Осы сәтте ол шешесіне: “Мама, қараңыз!” деп айғайлаған. Мұғалім “Ой, басқа папканы қосыппын!” деп, видеоны өшірмек болған. Ол үш-төрт минут бойы өшіруге тырысқан. Өшіргеннен кейін қуыршақтар театры туралы жазбаны қосқан”, – деді Зырян аудандық ішкі істер бөлімінің ювенал полиция тобының мектеп ісі жөніндегі аға инспекторы Жанна Қасымжанова.

Осы оқиғадан кейін мектепте аудандық білім бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен тергеу жүргізілді. Оқытушының балалардың аузын скотчпен жапқаны туралы дерегі расталды. “Мен одан (Төлеутаевадан – Авт.) түсініктеме алдым. Шын мәнінде мұғалім сабақ үстінде көп сөйлегені үшін баланың аузын скотчпен жапқан. Махаббат Төлеутаеваның айтуынша, бала скотчты алып тастаған да, кейін сабақ жалғасқан”, – деді мектеп директоры Мұқан Төлебаев. Осы оқиғадан кейін оқу ісі жөніндегі орынбасардың қызметі төмендеген. Сонымен қатар, өзінің заң бұзушылығын хабарлаған оқушы қызға қысым көрсеткені үшін оған сөгіс жарияланған.

Ал сабақ үстінде порно көрсету туралы дерек расталмады. “Ән-күй пәніндегі эротикалық мәндегі фильмдерді көрсету дерегі расталмады. Зырян аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тергеуді бастады. Оқушылар мен мектеп ұжымы бұл деректі жоққа шығарып отыр. Сотқа дейінгі тергеу қылмыстық құқықбұзушылық құрамының жоқтығына байланысты аяқталды”, – деп хабарлады облыстық білім басқармасының жетекшісі Айжан Садықова.

Мұғалімнің өзі де сабақ үстінде порноны көрсетпедім дейді.

“Мен кінәлі емеспін! Мен порнографияны көрсетпедім. Менің мектепте жұмыс істеп келе жатқаныма 19 жыл болды, бұл сыныпта менің ұлым оқиды! Мен ересектерге арналған фильмдерді ешқашан көрсеткен емеспін. Ал скотчқа байланысты оқиғада мен көрнекі оқу құралдарын тақтаға 3-5 сантиметр болатын скотчпен ілгенмін. Женя болса сөйлей берді. Мен оған “Женька, қазір аузыңды скочтпен жауып қоямын!” дедім. Жақындап келдім де ерніне тигіздім. Ол сол бетте скотчты алып тастады және мұның барлығын әзіл ретінде қабылдады”, – деді Төлеутаева.

Сөйтіп мұғалім скотчпен оқушының аузын жапқаны үшін жазаланған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар