Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да оқушыларды жыныстық қатынасқа итермелеген мектеп директоры сотталды

ШҚО-ның Зырян ауданында № 8 мектеп дирректоры Ерғазы Ташқараевқа қатысты сот шешімі шықты. Мектеп басшысы оқу орнында оқушыларды жыныстық қатынасқа итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

1014094312-main_0

Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.

40 жастағы педагог Зырянға 2014 жылы Оңтүстік Қазақстаннан көшіп келген. Өзі тарих пәнінің мұғалімі. Бұған дейін жақсы жағынан танылып келген. Өзі ажырасқан, бұрынғы әйелі екеуінің 2 жасар ұлы бар. Туыстары Оңтүстік Қазақстанда тұрады.

11 сәуір күні Зырян аудандық сотында Ерғазы Ташқараевқа қатысты шешім шығып, ол «16 жасқа дейінгі кәмілет жасына толмаған жасөспірімдерді сексуалды қатынасқа итермелеген» әрекеті үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Және өмір бойына педагогтық қызмет атқаруға құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайрат Жанабіловтың айтуынша, 2015 жылдың демалыс күнінде мектеп директоры мас күйінде оқу орнына келген.Ол бокс секциясында жаттығып жүрген  8 бен 11-сынып оқушыларын көріп, кабинетіне шақырған. Кабинетінде оқушыларға ішімдік ішуді ұсынған, алайда оқушылар одан бас тартқан. Сосын 8-сынып оқушысын дәретханаға жұмсап жіберіп, өзі де соңынан ерген. Дәретхана ішінде оқушыға жыныстық сипаттағы әрекеттерге көндіруге тырысқан. Оқушы бастапқыда директордың бұл әрекетін мастығының  салдарынан деп ойлаған. Оқушы директордың кеудесінен итеріп жіберген. Кабинетке қайта оралған соң ол тағы ішімдік ішкен. Кешкісін оқушылардан өзін үйіне жеткізіп салуын сұраған. Кейіннен оқушыларды үйінде қалдырып, бір төсекте жатпақшы болған. Алайда, оқушылар амалын тауып, сытылып шыққан.

Ертесі күні шошып қалған 8-сынып оқушысы әрнені сылтау етіп, сабаққа бармай қалған. Ал, 11-сынпып оқушысы сабаққа барған. Бірақ, директормен кездесіп қалудан қашып жүрген.

22 қазан күні 8-сынып оқушысын сынып жетекшісі шақырып алып, оны мектеп басшысы үй шаруашылығына көмектесу үшін үйіне шақырып жатқанын айтқан. Алайда, одан қорыққан бала өзімен бірге 11-сынып оқушысының баруын өтінген. Директордан рұқсат сұраған мұғалім екеуін сабақтан жіберген.

Олар үйіне барғанда директор мас күйде болған. Ол оқушыларға ішімдік ұсынған. Алайда, оқушылар одан бас тартқан. Кейіннен «Мен сендерді қалап тұрмын» деп 8-сынып оқушысына жақындай берген. Оқушы оның кеудесінен итеріп, шкаф жанына құлатқан. Өздері ол жерден қашып кеткен.

Істің насырға шапқанын сезген оқушылар бұл жайлы ата-анасына айтып берген. Мұны естіген ата-ананың бірі мектеп директорына барған. Ол барлық жайды, тіпті екеуара сөйлескенде директордың «Мен қаладан кетем. Жұмыстан шығам» деп ешкімге тіс жармауын өтінгенін айтып берді.

Сотта директордың ата-анамен сөйлескен сөзін жазып алған таспа мен директордың саусақ іздері, оқушыға жазған хаттары мен қоңыраулары дәлел болды.

Мұндай  жағдай екі емес одан да көп оқушылармен болғанға ұқсайды. Алайда, барлық оқушы бұл жайлы ашып айтпайтын секілді.

Оқушыны сабақ кезінде жібергені үшін сынып жетекшісі мен, мас күйінде жұмыс уақытытнан тыс директорды оқу орынан кіргізгені үшін күзетші де жауап беретін болады.

Евгений Фоминых, Екатерина Тамбовцева

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО-да оқушыларға порно көрсетті деп айыпталған ұстаз жазаланды

Талқылау