Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да оқушы қызды зорлап өлтірген жігіт 25 жылға сотталды

Шығыс Қазақстанда 14 жастағы қызды зорлап, артынша буындырып өлтірген Мақсат Бақашев 25 жылға сотталды. Қаскөй жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болды, деп хабарлады КТК арнасы.

пппппп

Оған бұл мерзім жалғыз Айым Ұлтомбаеваның өлімі үшін берілмеген. Бақашев Шар және Семей қалаларында осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін де айыпталған еді.

Бірақ қылмыскердің Ұлтомбаевадан өзге кімге қандай жәбір көрсеткені туралы ақпарат жоқ. Өйткені сот жабық жағдайда өтті. Естеріңізге салсақ, былтыр қыркүйек айында Шар қаласында 14 жасар қыз өз үйінің ауласынан ғайып болған. Кейін оны көршісі Мақсат Бақашевтың ұрлап әкеткені анықталды. Жауыз тергеу кезінде жеткіншекті қалай азапатағанын толықтай баяндап беріпті. Бірақ оның айтқанын сотта дәлелдеу тергеушілерге қиынға соққан көрінеді. Өйткені 24 жастағы Бақашев жасаған қылмысында еш із қалдырмаған. Сондықтан онсыз да 8 ай далада жатқан мәйітті екі мәрте жерлеп, қайта қазып алуға мәжбүр болды. Оның үстіне азғын тергеудегі сөзінен сотта айнып шыға келген. Тіпті, Шар мен Семейдегі жәбірленушілеріне түрмеден шыққан соң үйлеріңді өртеп, өздеріңді өлтіремін деп сес көрсетіпті. Осыдан шошыған марқұмның туыстары қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрап, арыз жазбақ.

«Баланы ешкім қайтарып бермейді. Ал жантүршігелік қылмыс жасаған адам 25 жыл ғана отырып шығады. Оның содан кейін де осындай сұмдықты жасамасына кім кепіл? Сондықтан қайта шағым түсіруді жоспарлап отырмыз», – дейді Айым Ұлтомбаеваның ағасы Ринат Мадыбаев.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында мал сатуға шыққан үш ағайынды жігіттің жантүршігерлік өліміне қатысты жаңа дерек шықты

Оралдық жезөкшелер декреттік демалысқа шықпастан “еңбек етеді”

Таиландта тарихтағы ең ұзақ уақыт ел басқарған король көз жұмды

Жолақ колготки киіп келген Бірғаным Әйтімова депутаттарды таңқалдырды

Талқылау