Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да мешітке келген адам имамның оқыған намазын дұрыс емес деп шу шығарды

Шығыс-Қазақстан облысындағы ауылдық мешітке келген адамға намаз оқу реті ұнамай, имамға ескерту айтады.

Шолпан ауылындағы мешіт үйінің ішкі тәртібі де көңіліне жақпаған адам, жергілікті имамды мешітке келген жамағаттың көзінше сынға алады, деп хабарлайды Sputnik.

“ШҚО Үржар аудандық соты С. есімді азамат тарапына қатысты ҚР ӘҚБК 490-бабының 2-бөліміне (“ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу”) сәйкес әкімшілік іс қозғалды”, — деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметі.

Сот мешітке келген адамды айыпты деп танып, 50 АЕК (113 450 теңге) көлемінде айыппұл тағайындады. Алайда, куәгерлердің берген жауаптарына қарамастан, құқық бұзушы өз кінәсын мойындаған жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Тағы да оқыңыз:

Алматыдағы сауда үйінің 3-қабатынан құлаған бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстан Қырғызстандағы президент сайлауын бақылаудан бас тартты

Назарбаев орыс тілінде сөйлескені үшін Путинге алғыс айтты

Талқылау