Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да мереке күндері өрттен 7 адам қайтыс болды

Мереке күндері облыста 20 өрт жағдайы тіркелген. Басым көпшілігінің негізгі себебі – отқа немқұрайлы қарау салдарынан болған. Адамдар ішімдік ішкендіктен, есін білмеген. Не болмаса пеш, электр құрылғыларын дұрыс пайдаланбаған.

1068499610684996

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәлімет бойынша, Риддерде үйінде болған өрт салдарынан 2 адам қаза тапты. Өрт аумағы 130 шаршы метрді қамтыды.

Өрттен кейінгі тексеріс кезінде асүйден 1962 жылғы ер адамның және келесі бөлмеден 1987 жылғы жігіттің денесі табылды.

Ал, 2 қаңтар күні төтенше жағдайлар полициясы бөліміне “Метуллург-6” бағбандық бірлестігінің саяжай үйінде өрт салдарынан екі адамның қаза болғаны жөнінде ақпарат келіп түскен. Қайтыс болғандардың бірі 23 жастағы бойжеткен, екіншісі 40 жастағы ер адам екені анықталды. Олар газдан уланған. Үйде мұржа, өрттің алдын алуға жарамсыз тозығы жеткен құралдар болған. Оқиға барысы тексеріліп жатыр.

Семейде үйінде болған өрттен тағы 3 адам қайтыс болды. Қызметкерлер өрт кезінде 29 жастағы азаматты аман алып қалды. Оның денесін күйік шалған. Тексеріс кезінде олардың барлығы мас күйінде болғаны анық болды.

Талқылау