Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да мас жүргізуші өз көлігін айдап қашқан

Көлікті айдап кетуші сол көліктің иесі болып шықты. Оның мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Сондай-ақ, ол 2015 жылы көлікті мас күйінде айдап, 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылған екен.

10599088

Бұл туралы ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабаралайды.

11 қаңтар күні Өскеменнің ІІБ-на 18 жастағы тұрғын ауласында тұрған танысының “Ваз-2112” көлігін әлдекімнің айдап әкеткенін хабарлайды.

Оқиға орнына ІІД-нің патрульдік жол полициясы дереу жеткен. Олар жоғалған көлік көшелердің бірінде ұстады. Полицейлерден құтыла алмасын білген күдікті көлікті тастай сала жаяу қашқан. Алайда, полицейлер оның өзін де құрықтады.

Тергеу барысында көлікті айдап кетуші сол көліктің иесі болып шықты. Сондай-ақ, оның мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Ол 2015 жылы көлікті мас күйінде айдап, 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылған екен.

ІІД мәліметінше, көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра, сондай-ақ, мас күйінде көлік жүргізгені үшін 21 жастағы азамат ҚР ҚК 346 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Талқылау