Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да мас полицей көлікпен әріптесін қағып өлтірді

Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшысы мас күйінде екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Оның бірі өз әріптесі болған.

3deeebfe6430ef0683b0d7412a4f93c5030

Сурет motor.kz сайтынан алынды

Бұл туралы ШҚО-ның ІІД хабарлайды.

Оқиға 27 ақпан күні Жарма ауданына қарасты Қалбатау ауылында болған.

«Полицей қаққан екі адам Қалбатау ауылының тұрғындары. Оның бірі –  аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері. Ол оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші полицей мас күйінде көлік жүргізген. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында», – дейді ШҚО-ның ІІД-де.

Жол көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК «Жол полицейлерінің жол жүру ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұл ШҚО орын алған бірінші жол көлік оқиғасы емес. 2015 жылдың аяғында ШҚО ІІД-нің жоғары шенді офицері полицейді қағып өлтірген еді.

Талқылау