Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да қызы туған анасын пышақтап өлтірді

Қызы мен анасы спиртті ішімдік ішкен. Олар әңгіме барысында бұрынғы реніштері есіне түсіп, сөзге келіспей қалған.

7b9dd4f0d4d173e97c50bbffa1774335

Сурет: www.ural.aif.ru 

Бұл туралы timeskz.kz хабарлайды.

Анасы қызына үйдің жөндеу жұмыстарын ұзаққа созып кеткенін қайталап айтқанда, ашуға булыққан қызы оған еш жауап қата алмастан пышақ адла жүгірген.

Анасы қызының әрекетінен қауіптенбей, оған ұрыса берген. Сол кезде қызы анасын 6 рет пышақпен жарақаттайды. Салдарынан анасы көз жұмды.

ШҚО қылмыстық істері боынша мамандандырылған ауданаралық сот шешіміне сәйкес, әйел кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шықты. Ол жазасын жалпыға ортақ түзеу абақтысында өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау