Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да «КВН-ді» көп көрген екі ер адам ажал құшты

Өскеменде жергілікті тұрғын екі танысын өлтірген. Оған екі жолдасының КТК ойынын (Көңілді Тапқырлар Клубы, КВН) жалықпай көре бергені ұнамапты, деп хабарлады YK-news.kz

пышақ

Геннадий Ивашов бұрынғы танысының үйіне қонаққа келіп, онда үй иесімен бірге тағы бір жолдасын кездестірді. Ер адамдар шарап ішіп, ғаламтордан КВН ойындарының жазбаларын тамашалаған. Алайда кейін 42 жастағы Геннадийді көңілді тапқырлар клубының ойындары жалықтырып, ол теледидардан басқа бағдарламаларды көргісі келетінін айтқан.

Бұл үй иесіне ұнамай, дау туып, арты төбелеске ұласады. Ивашов осы сәтте журнал үстеліндегі пышақты алып, қарсыласының ішіне сұғып алған. Жапа шегуші полицияға хабарламақ болғанда, күдікті тағы бірнеше рет пышақ салған.

Екінші танысы Ивашовты тоқтатпақ болады, алайда күдікті оны да жарақаттайды. Куәгер қалдырмау үшін ол екеуін де өлтірген.

Қаза тапқандардың мәйіттерін туыстары екі күннен кейін тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Геннадий Ивашовты 18 жылға соттады. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейді. Үкім заңды күшіне енбеді.

Талқылау