Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да қатты соққан желдің салдарынан мұғалімнің үстіне шатыр құлаған

ШҚО-да қатты желдің әсерінен бірнеше ғимараттын шатыры құлап, бір адам зардап шекті. Қарауыл ауылында 28 м/с жылдамдықпен қатты жел соғып, Ералы көшесіндегі гимназияның 1 қабатты ғимаратының шатырын құлатқан.

12555-6-silnyi_veter_sorval_kr_ru

Бұл туралы амақтық ТЖД-ның баспасөз хатшысы хабарлайды.

Соның салдарынан, 1974 жылғы мұғалім зардап шекті. Оның сол қолы сынып, ауруханаға жатқызылды. Жел салдарынан Молдағалиева көшесінде орналасқан МКМ-нің Абай ауданындағы Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің шатыры қирады. Қираған шатыр аумағы анықталып жатыр.

Талқылау