Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да қаңғыбас итті өлімші етіп сабаған ер адам жауапқа тартылды

Шығыс Қазақстанда Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов ауылында ер адам ересек адамдардың көзінше итті әбден ұрған. Полицейлер аталған дерек бойынша дереу қылмыстық іс қозғаған. Бұл туралы ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

sobaken20160714_0

Оқиға 1 маусым күні болған. Ауыл тұрғыны көпқабатты үйдің кіреберісінде қаңғыбас итті әбден ұрып тастаған.

“Тәртіп сақшылары итті сабаған ер адамды бірден тапты және жануарға көрсеткен ерсі әрекеті үшін сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Полицейлер барынша істі сотқа жеткізуге тырысқанымен, иттің ешқандай иесі болмауы себепті тексеру-тергеу жұмысы орта жолдан тоқтатылған. Егер ол аталмыш әрекетті балалардың көзінше жасаған болса да жазалауға болатын еді. Онда да баланың жасы 14-тен аспаған болуы керек. Сол себепті іс жабылды. Дегенмен ауыл тұрғыны қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін айыппұл төлейді”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Жануарларды қорғаушылар зардап шеккен итті ветеринария емханасына табыстаған. Ол аяғынан және басынан қатты жарақат алыпты. Ит қалыпқа келгенше, қорғаушылар оған жаңа үй іздемек. Иттің жаңа иесі боламын деушілер мына нөмірге хабарласса болады: 75-47-27, 8-705-235-76-98.

Талқылау