Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да із-түссіз жоғалып кеткен 14 жастағы қыз өлі күйінде табылды

ШҚО-ның Шар қаласы маңынан былтырғы жылдың қыркүйек айында жоғалған 14 жастағы Айым Ұлтомбаваның мәйіті табылды.

16259 (1)

Сурет: radiotochka.kz 

Қайғылы оқиғаны қыздың туыстары 12 мамыр күні білген. Жақындарының айтуынша, қыздың денесін қала тұрғыны тауып алған.

«Кеше біз әлдебіреудің өзеннен қолы шығып жатқан мәйітті көріп, полицияға хабарлағанын естідік. Ол Айымның мәйіті емес шығар деп үміттенгенбіз, алайда олай болмай шықты. Анасы оның өз қызы екенін таныды. Бүгін денені алып, ертең жерлейміз», – дейді қайтыс болған қыздың туысқан ағасы.

Шығыс Қазақстан полицейлері бұл іске арнайы сараптама тағайындалғанын, қазір тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні ұстады.

“Полицейлер осы қылмысқа қатысы бар деген күдіктіні ұстап, қамауға алды. Қылмыстың себептері анықталып жатыр”, – дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Айта кетейік, Айым Ұлтомбаева 12 қыркүйек күні түн ішінде жоғалып кеткен. Оның сырт киімі мен ұялы телефоны, барлық заттары орнында қалған. Жақындары оны діни экстремистер ұрлап кеткен болуы мүмкін деп қауіптенген. Оны полицейлер мен еріктілер іздеп еш нәтиже болмаған еді.

Жіберіп алмаңыз:

Бір апта бұрын Шымкентте жоғалған әйел өлі күйінде табылды

Талқылау