Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да ер адам жүк көлігінің астына түсіп қайтыс болды

Риддерде жас жігіт жүк көлігінің астына түсіп көз жұмды. Ол аталмыш көлікте жолаушы ретінде кетіп бара жатыпты.

be0d3f4a764ba349cfe2f27c39ec38a4_XL

Бұл туралы YK-avto.kz хабарлайды.

Оқиға қаңтардың 21-інен 22-сіне қараған түні болған. Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Дархан Жанысовтың айтуынша, екі ер адам және екі қыз мінген жүк көлігі Ванявка асуында келе жатқан. Олар демалыстарын өткізу үшін жолға шыққан екен.

“1992 жылы туған ер адам кузовқа жармасып, қозғалыс кезінде көліктің астына түсіп кеткен. Зардап шегуші ауыр жарақат алып қайтыс болды”, – деп хабарлады Дархан Жанысов.

Қазір полицейлер оқиғаны жан-жақты тексеріп жатыр. Тексеру қорытындысынан соң көлік жүргізушісін жауапқа тарту мәселесі нақтыланбақ.

Оқи отырыңыз:

Өш алу үшін өлім: Алматыда мектеп оқушысының өліміне байланысты 5 адам ұсталды

Қырғызстанда ұшақ тура ауылдың үстіне құлады (фото, видео)

Шымкентте көлік жүргізушісі анасын үш баласымен қосып қақты

Көкшетауда бағанға соғылған көлік екіге бөлініп кетті

Талқылау